4.4: Файлдарды қосу |
Файлдарды тышқанның көмегімен тарту және жіберу арқылы коллекцияға көшіруге болады. Тышқанның нұсқағышы таңдалған элементте немесе бір элементтен артық таңдалған жағдайда, бірнеше элементтің үстіне тоқтатылады. Файлдарды бұл жерде көшiрiп алу үшiн, таңдалған файлды коллекцияның ағашына өткiзiңiз (ақпарат көзі коллекцияның ағашы болған жағдайда) .
Көптеген файлдардың (құрама ) көшiрмесiн алғанда, папка құрылымының бастапқыда алған орнына тәуелсіз,олардың бәрі мақсаттық папканың бұрынғы деңгейіне ауысады. Сiз тура сол папкаға тура сол атпен екінші файлды көшіргенде, сізден біріншіні өшіріп тастауға рұқсат сұрайды. "Жоқ" деп жауап берсеңіз бұл файл көшiрiлмейді, бiрақ басқалары көшіріледі. Көшiру бойынша қалған жұмыстардың бәрін жоюүшін "Стоп" батырмасын шертiңiз.
Таңдап алынған элементтердің тек "өте биiктері" ғана ауыстырылады. Папка оның туындыларынан биік. Сiз папка шектерiндегi файлдарды және тікелей папканың өзін таңдай алмайсыз.
Сiз файл қосқанда, Кiтапханалық интерфейс шығыс папкасынан қосылатын файлға алдын-ала берілген метамәліметтері бар қосалқы файлдарды іздейдіжәне оны тапқан жағдайда, ол мәліметтерді импорттауды бастайды. Егер процесс созылса, сiз импортталатын метамәліметтердің сіздің коллекциядағы метамәліметтермен сәйкестендіру үшін, сізден қосымша ақпарат сұрайды (мүмкiн бірнеше рет). Бұл процесс көптеген әртүрлі Алдын ала берілген метаберілгендерді импорттау бөлімінде жазылған сұраныстарды қамтиды. Метаберілгендердің файлдарымен ассоциациялануды толығырақ түсiндiру үшiн Greenstoneн өңдеушiсiнiң басқаруының 2 бөлімшесін оқыңыз- сiздiң құжаттарыңыздың көпшiлiгiн шығару.
Сонымен бiрге коллекцияның ағашын немесе папканы тышқанның оң жағымен шертіп және "Жаңа құжат-макет"-ті тауып, "макет" құжатын коллекцияға қосу мүмкіндігі бар. Метамәлiметтер беруге болатын жаңа бос файлд жасалады. Файлды кейін "нағыз" файлмен ауыстыруға болады.